2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда бірқатар мемлекеттік жәрдемақының мөлшері артты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
АЕК өсті
1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 932 теңгеден 4 325 теңгеге өсті. Бұл - жәрдемақы, айыппұл және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеуге қолданылатын базалық көрсеткіш.
Сондықтан АЕК-ке байланған төлемдер автомат түрде артады. Бұдан бөлек, үкімет кейбір жәрдемақыларды қосымша 10% арттырды.
Бала тууына берілетін жәрдемақы
Бір, екі немесе үш бала туған кезде берілетін жәрдемақы 149 416 теңгеден 164 350 теңгеге дейін, ал төрт және одан да көп бала туған жағдайда жәрдемақы мөлшері 247 716 теңгеден 272 475 теңгеге дейін өседі.
Көпбалалы отбасыларға төлем
Көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақы да артады: төрт баласы бар отбасылар үшін 63 030 теңгеден 69 330 теңгеге, ал 10 баласы бар отбасылар үшін 157 280 теңгеден 173 000 теңгеге дейін ұлғаяды.
Мүгедектігі бар адамдарға жәрдемақы
Мүгедектігі бар азаматтарға берілетін жәрдемақы мөлшері де 10 пайызға өседі:
- Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға төленетін жәрдемақы 101 702 теңгеден 111 872 теңгеге;
- Екінші топтағыларға 81 362 теңгеден 89 498 теңгеге;
- Үшінші топтағыларға 55 474 теңгеден 61 021 теңгеге дейін көбейеді.
Бұдан бөлек
- асыраушысынан айырылу бойынша;
- еңбекке қабілеттілігін жоғалту бойынша.
Бұл төлемдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүргізіледі және әр адамға жеке есептеледі. Мөлшеріне мыналар әсер етеді:
- кейінгі 2 жылдағы әлеуметтік аударымдар төленген орташа айлық табыс;
- еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі;
- асырауындағы адамдар саны;
- міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі;
- табысты алмастыру коэффициенті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz