Қазақстанда жаңа виза пайда болды

Қазақстанда жаңа виза пайда болды
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда қашықтан жұмыс істейтін шетелдік туристерге арналған жаңа виза енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан" телеарнасына сілтеме жасап. 

Neo Nomad визасын бағдарламалау, маркетинг, қаржы, консалтинг, дизайн және электрон коммерция сияқты түрлі салаларда қашықтан қызмет істейтін әрі саяхаттауды жақсы көретін шетелдіктер пайдалана алады. Виза Қазақстанда бір жылға дейін тұруға мүмкіндік береді.

Оны алу үшін шетелдік Қазақстаннан тыс жерде айына кемінде 3 мың доллар тұрақты табысының бар екенін дәлелдеуі қажет. Сонымен қатар медициналық сақтандыру және соттылығының жоқтығы туралы анықтама талап етіледі.

"Қазақстан заманауи көшпенділердің саяхат картасына енді. Олардың әлемдегі саны 35 миллионнан асады, біз оларды елімізге тарту үшін барлық жағдайды жасауды көздеп отырмыз", - деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек