Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар тізімін кеңейтуді тапсырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы Жолдауында жұмысшы мамандық иелеріне, өнертапқыштар мен ғалымдарға құрметті атақ беруді ұсынғанын еске салды.
"Мемлекеттік марапаттар жүйесін тоғыз құрметті атақпен толықтыру жоспарланып отыр. Соның ішінде "Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері" атағы бар. Бұл - елімізді өркендетуге өлшеусіз үлес қосқан ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне шынайы құрметтің белгісі", - деді ол.
Оның сөзінше, қазір депутаттар тиісті заңдарға өзгеріс енгізу мәселесін қарастырып жатыр.
"Келесі жыл - Жұмысшы мамандықтары жылы. Жыл бойы біз нағыз еңбек адамдарын жоғары деңгейде ұлықтайтын боламыз. Бұл қоғамда еңбекқорлық пен кәсібилік құндылықтарын дәріптеу жылы болмақ", - деді Тоқаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!