- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда жаңа пайдалы...
Қазақстанда жаңа пайдалы терминал іске қосылды
Астананың ХҚКО-да құжаттарды терминал арқылы алуға болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құжаттандыру терминалы елордалық ХҚКО-да пилоттық режимде іске қосылды. Жобаны ІІМ мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп әзірледі.
Жаңа ХҚКО-да 4 осындай құрылғы жұмыс істейтін болады.
Жаңа аппаратпен бүгін Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов пен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин танысты.
Бұл технология мемлекет ұсынатын қызметтердің сапасы мен жылдамдығын арттырады, құжаттарды ресімдеу мерзімін едәуір қысқартады, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Себебі барлық процесс ашық түрде жүргізіледі. Құрылғының көмегімен тек өтініш беріп қана қоймай, дерекқордағы фотосурет бойынша жеке басты сәйкестендіріп, QR-коды арқылы төлемді сол жерде жасауға болады.
Бірнеше қадам жасау жеткілікті:
– ЖСН және ұялы телефон нөмірін енгізу;
– суретке түсіру және қол қою;
– экрандағы QR-кодты пайдаланып, мемлекеттік бажды төлеу;
– SMS арқылы қалыптастырылған қолхат алу;
– көші-қон қызметінің қызметкеріне өтінім нөмірін дайындау үшін көрсету.
Бұл ретте ұялы телефон нөміріңізді мобильді азаматтар базасына тіркеу қажет, бірақ мұны өтінімді ресімдеу кезінде де жасауға болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина