Қазақстанда жаңа пәтерлер төрт жылда 43 пайызға қымбаттаған

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қараша айында елдегі жаңа пәтерлердің бағасы 2020 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 43,2 пайызға, ал қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы 50,2 пайызға өскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл 11 айда тұрғын үй сатып алу-сату саны 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,1 пайызға өсіп, 382,9 мыңға жетті. Ең көбі - Алматыда (74,9 мың), Астанада (67 мың) және Қарағанды облысында (30 мың) жасалған.

Тұрғын үй сатып алу-сату санының ең үлкен өсімі Батыс Қазақстан облысында (+42,3%), Алматыда (+27,8%) және Шымкентте (+24,9%) тіркелген.

"Азаматтар тұрғын үйді тек баспана ретінде ғана емес, инвестиция ретінде де сатып алуда. Кейде бұл екі мақсатты біріктіріп жатады. Тұрғын үй жылжымайтын мүлкі Қазақстанда дәстүрлі түрде ең танымал әрі сенімді ұзақ мерзімді инвестициялардың бірі болып табылады", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!