- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда жаңа мерекелік...
Қазақстанда жаңа мерекелік күндер пайда болады
Қазақстанда жаңа мерекелік күндер пайда болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығына сәйкес, жаңа мерекелер:
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы күні – 10 қаңтар
Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметкерлері күні – 1 ақпан
Ұлттық басылым күні – 2 ақпан
Жерге орналастыру, геодезия және картография күні – наурыздың екінші сенбісі
Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні – 7 сәуір
Геолог күні – сәуірдің бірінші жексенбісі
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні – 16 сәуір
Ғылым қызметкерлері күні – 12 сәуір
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күні – 21 сәуір
Байланыс қызметкерлері күні – 17 мамыр
Метрология қызметкерлерінің күні – 20 мамыр
Мәдениет және өнер қызметкерлері күні – 21 мамыр
Химия өнеркәсібі қызметкерлері күні – мамырдың соңғы жексенбісі
Эколог күні – 5 маусым
Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні – 7 маусым
Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшісінің және қызметкерінің күні – 9 маусым
Полиция күні – 23 маусым
Мемлекеттік қызметші күні – 23 маусым
Судья және сот қызметкері күні – 24 маусым
Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні – маусымның екінші жексенбісі
Малшылар күні – маусымның екінші жексенбісі
Медицина қызметкері күні – маусымның үшінші жексенбісі
Мерекелердің толық тізімін МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы көре аласыз.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина