Қазақстанда жаңа кәсіби мереке – Азаматтық авиация қызметкерлері күні бекітілді , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның хабарына қарағанда, 2023 жылғы 17 қарашада Кәсіби мерекелердің тізбесі қайта бекітілді, оған сәйкес 1 ақпан Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация қызметкерлері күні болып белгіленді.
"Бұл ұсыныс Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация соғысы және еңбек ардагерлерінің Біріккен Кеңесінен келіп түсті. ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті осы мерекені айқындау бойынша барлық тиісті жұмыстарды атқарды және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл бастаманы қолдады. Бұл кәсіби мереке Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы қызметке ерекше мән береді және мемлекеттің жас авиаторларының патриоттық рухын дамытуға түрткі болатынын атап өткен жөн", - делінген хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!