- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- мереке күндер
Қазақстанда жаңа мереке күндері пайда болды
Фото: depositphotos.com
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту туралы" бұйрыққа өзгерістер енгізбек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құжатқа сәйкес, Қазақстанда жаңа мерекелер пайда болды:
- Қаржылық мониторинг органдары күні - 28 қаңтар;
- Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні - шілденің бірінші жексенбісі;
- Теміржол көлігі қызметкерлері күні - тамыздың бірінші жексенбісі;
- Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика саласы қызметкерлері күні - қыркүйектің екінші жексенбісі;
- Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні - 2 қазан;
- Автомобиль көлігі қызметкерлері күні - қазанның соңғы жексенбісі;
- Автожол саласы қызметкерлерінің күні - қазанның соңғы жексенбісі;
- Бухгалтерлік есеп және аудит саласы қызметкерлері күні; Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері күні - 13 желтоқсан.
Бұл мерекелер Үкіметтің 2024 жылғы 16 тамыздағы №668 қаулысымен бекітілгеніне байланысты Ұлттық баспасөз күні мен Радио күні тізімнен алып тасталған.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар ақпанда қанша күн демалатыны туралы жаздық.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова