Қазақстанда Ұлттық кітап күні пайда болуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Туризм және спорт министрлігі Ашық НҚА сайтында мерекелік күндер тізіміне қосымша дайындады.
Жаңа мереке Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 15 наурыздағы үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі отырысында берген тапсырмасына сәйкес ұсынылып отыр.
"Жоба қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндер тізбесіне "23 сәуір – Ұлттық кітап күні" мерекесін енгізу үшін әзірленді", - делінген хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз