- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда жаңа мамандықтар...
Қазақстанда жаңа мамандықтар пайда болуы мүмкін
Елімізде 200-ден аса жаңа мамандық пайда болуы мүмкін. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Цифрлық технологиялардың дамуына байланысты көптеген мамандық өзгеріске ұшырайды. Осыған байланысты жаңа дағдыларға қажеттілік туындайды. Жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласына сәйкес, жақын арада Қазақстанда 239 жаңа мамандық пайда болуы мүмкін. Осыған байланысты бүгіннен бастап болашақ кардларды алдын ала дайындай беру қажет", - деді Светлана Жақыпова Үкімет отырысында.
Министр білім беру жүйесі мен еңбек нарығындағы байланыс сақталатынын, Ұлттық біліктілік жүйесін дамытылатынын жеткізді.
Оның айутынша, "Кәсіптік біліктілік туралы" заң қабылданған. Нәтижесінде тиісті цифрлық платформа іске қосылған.
"Бүгінде 623 кәсіптік стандарт қабылданды, олар 3 мыңға жуық кәсіпке қатысты жұмыс берушілердің талаптарын айқындайды. 2025 жылға дейін тағы 400 кәсіптік стандарт әзірленеді. Қолданыстағы кәсіптік стандарттар негізінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары деңгейінде 4,1 мың білім беру бағдарламасы енгізілді", - деді министр.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазір қандай перделер сәнде?
Аяз Есен
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz