Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев елде ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін мамандарды даярлау жүргізіліп жатқанын хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, бүгінде дефектолог, логопед, нейропсихолог, әлеуметтік педагог және басқа да мамандарға сұраныс жоғары. Арнайы білім беру саласындағы мамандарды еліміздегі 17 жоғары оқу орны дайындайды.
"2024–2025 оқу жылына мемлекеттік тапсырыс бойынша: бакалавриатқа – 656 грант, магистратураға – 150, докторантураға – 13 грант бөлінді", – делінген Көшербаевтың депутаттық сауалға жауабында.
Білім беру бағдарламаларының тізіліміне 62 бағдарлама енгізілген:
Сондай-ақ, арнайы білім берудің кәсіби стандартына жаңа мамандықтар қосылғаны хабарланды:
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз