- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда жаңа көліктер...
Қазақстанда жаңа көліктер басқа елдермен салыстырғанда арзанырақ болып шықты
Көлік өнеркәсібі биыл микрочип тапшылығына, коронавирус шектеулеріне және Еуропадағы геосаяси дағдарыстан нашарлаған логистикаға байланысты туындаған проблемалардан зардап шекті. Кейбір елдерде жеңіл көлік пен жеңіл коммерциялық техника өндірісі әлі күнге дейін 2021 жылдың көрсеткіштеріне жете алмай отыр, - деп хабарлайды Energyprom.kz.
Мәселен, 2022 жылғы үш тоқсанда АҚШ-та жеңіл көліктер мен жеңіл коммерциялық техника өндірісі шамамен 7,4 миллион болған, бұл былтырмен салыстырғанда, 11,4 пайызға артық. Германия мен Оңтүстік Кореяда да осындай жағдай байқалған: былтырмен салыстырғанда өндіріс сәйкесінше 8,8 пайызға және 4,6 пайызға өскен. Бірақ 2019 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 29,6 пайызға және 7,5 пайызға төмен.
Былтырмен салыстырғанда төмен көрсеткіш байқалған елдер қатарында Франция (11,7 пайыз), Ұлыбритания (8 пайыз) және Жапония (2,2 пайыз) бар. Сонымен қатар, 2019 жылмен салыстырғанда бұл елдердегі өндіріс бірден сәйкесінше 45,4 пайыз, 37,5 пайыз және 22,7 пайызға төмендеген. Көршілес Ресейде тоғыз айдың қорытындысы бойынша көлік өндірісі былтырғыға қарағанда 75,1 пайызға және 2019 жылға қарағанда 68,3 пайызға төмендеген.
Қазақстанда жеңіл көлік пен жеңіл коммерциялық техника өндірісі артып келе жатыр. 2021 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда өндіріс 29,8 пайызға өскен.
Әлемде жаңа жеңіл автомобильдер мен жеңіл коммерциялық техника сатылымы былтырғымен салыстырғанда шамамен бірдей. 2022 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында 59,5 миллион болған, яғни тек 2 пайызға аз. Бұл ретте 2019 жылғымен салыстырғанда сатылым әлі де 11,1 пайызға төмен.
Қазақстанда сатылым 2019 жылғы көрсеткіштерге қарағанда бірден 67,6 пайызға өскен. Бірінші кезекте отандық көліктердің өндірісі мен сатылымдағы үлесі артқан.
Energyprom.kz сарапшылары зерттеу жүргізіп, Қазақстан мен басқа елдерде жаңа автомобильдер мен жиынтықтың құнын салыстырған. Қазақстанда танымал маркалы автомобильдер арзанырақ екені анықталған. Мәселен, 4.4 қозғалтқышы бар жаңа BMW X5 M50i құны Қазақстанда 110,5 мың АҚШ доллары, Ресейде 138,8 мың долларына бағаланған.
Қазақстандықтар арасында танымал Toyota Corolla-ны Қазақстанда басқа елдерге қарағанда сатып алу тиімдірек екені белгілі болды. Мәселен, Қазақстанда 1.6 CVT қозғалтқышының көлемі бар Comfort жиынтығы 26,4 мың АҚШ доллары болады. Көрші Ресейде 35,7 мың доллар тұрады. Арменияда 46,6 мың АҚШ долларына бағаланған.
Hyundai Tucson-нің атаулары әр елде әртүрлі. Айталық, Қазақстанда Hyundai Tucson Travel (2.5 GDI) 31,6 мың доллар тұрады. Ал Ресейде Hyundai Tucson Family (модель аздап ерекшеленеді) 47,9 мың доллар тұрады. Беларусь пен Өзбекстанда автомобиль Style және Luxe жиынтықтамаларында 53,9 мың және 46,6 мың АҚШ долларымен ұсынылған.
Haval Jolion Elite (1.5 2WD) ҚР дилерлерінде 26,4 мың доллар тұрады. Беларусьте 32,1 мың доллар. Ресейде 36,8 мың доллар. Chery Tiggo 7 PRO (1.5 Turbo) Қазақстанда Premium жиынтығында 26,4 мың долларға бағаланады. Ресейде Elite жиынтығы 43,8 мың доллар болады. Бұл ретте Өзбекстанда Chery Tiggo 7 PRO Luxury жиынтығының құны 26,9 мың доллар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова