Қазақстанда жаңа кәсіби мереке бекітілді

Қазақстанда жаңа кәсіби мереке бекітілді
Фото: pexels.com

Қазақстанда жаңа кәсіби мереке бекітілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

10 қарашада Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні аталып өтіледі. Премьер-министр Әлихан Смайылов "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" тиісті қаулыға қол қойды.

Осыған байланысты 17 мамырда аталып өтілетін Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні мерекесі Байланыс қызметкерлері күні болып өзгертілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина