- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда жаңа жол...
Қазақстанда жаңа жол белгілері пайда болды
Елімізде жаңа жол белгілері бекітілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан стандарттау және метрология институтына" сілтеме жасап.
Биыл 1 мамырда ҚР СТ 1412-2017 "Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары" ұлттық стандартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар күшіне енеді.
ІМ Әкімшілік полиция комитеті мен СИМ ТРМК Қазақстан стандарттау және метрология институты әзірлеген осы өзгерістер жолдардағы қауіпсіздікті арттыруға және жол қозғалысының барлық қатысушыларына қолайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Ұлттық стандартқа енгізілген өзгерістерге сәйкес, мынадай жаңа жол белгілері бекітілді:
- Міндетті айырым белгісі: гибридті қоспағанда, барлық электромобильдер қолдануға тиіс "Электромобиль" белгісі.
- Жаңа жол белгілерін енгізу:
- Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық жағдайлардың алдын алу үшін тротуарларға орнату жоспарланған "Электр самокаттарда жүруге тыйым салынады";
- "Диагональды жаяу жүргіншілер өткелі";
- "Қарама-қарсы жүріс бөлігіне қайта ауысу";
- "Қарама-қарсы жүріс бөлігінің соңы".
"Осы белгілердің кейбірі Алматы және Астана қалаларында тестілік режимде енгізілді және өз тиімділігін көрсетті", - деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Есен