Биыл банк карталарын, банк шоттарын және өзге де төлем құралдарын сыйақы үшін басқа адамға бергені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Прокуратура мәліметінше, заң күшіне енген уақыттан бастап елде бұл бап бойынша 7 қылмыстық іс тіркелген.
"Астанада алаяққа банк шотының деректерін берген 17 жастағы жасөспірімге қатысты тергеу басталды. Алаяқтар уәде еткен сыйақы үшін ол енді жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова