Қазақстанда Қытай мен бүкіл әлемдегі ең ірі коммерциялық банктердің бірі - China Construction Bank-тің еншілес банкі ашылуы мүмкін. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Ұлттық банк басшылығы China Construction Bank (CCB) төрағасы Чжан Цзиньлянмен кездескен.
"Қазақстанның банк секторының жай-күйі мен даму перспективалары, екіжақты ынтымақтастық мәселелері, соның ішінде Қазақстанда CCB еншілес банкін құру мәселесі талқыланды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, China Construction Bank (CCB, Қытай құрылыс банкі) - Қытай мен бүкіл әлемдегі ең ірі коммерциялық банктердің бірі. Банк 6 триллион доллардан аса активті басқарады және оның бүкіл әлем бойынша филиалдары бар.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!