Қазақстанда Getcontact қосымшасы қайтадан іске қосылды. Қосымшаның жаңа нұсқасының ескісінен тек түсінде айырмашылық бар. Ескі нұсқасының түсі көк болатын. Ал енді Getcontact сары түсті болады. Еске сала кетейік, 9 ақпанда Ақпарат және коммуникациялар министрлігі GetСontact қосымшасына қолжетімділікті шектеді. Себебі аталған қосымша Жеке деректемелер және оларды қорғау туралы заңды бұзған. GetContact Қазақстанда аз уақыт ішінде танымал болып, әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланды. Ол арқылы кез келген адам қосымшаға өз телефон нөмірін жазып, басқа қолданушылар нөмірін қандай атпен сақтап қойғанын білуге болады. Дереккөз:baq.kz