Қазақстанда жалға берілетін баспана бағасы төмендеп жатыр. Мұндай көрсеткіш қазанның ортасынан бері байқалған. Сол уақыттан бастап баға орта есеппен 20 пайызға төмендеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Krisha.kz сайтына сілтеме жасап.
Портал мәліметінше, жалға берілетін баспана шекараға жақын қалаларда арзандаған: Петропавлда 41 пайызға, Ақтөбеде 36 пайызға, Павлодар мен Оралда 32 пайызға. Астанада жалдамалы пәтер бағасы 22 пайызға арзандаса, Алматыда 11 пайызға төмендеген.
Сонымен қатар, дүрбелең кезеңге дейін (1 қыркүйек) Қазақстанда пәтер жалдау орташа есеппен әлі 25 пайызға қымбат. Астана мен Алматыда бүгінде жалға алу қыркүйектен бері 28 және 33 пайызға жоғары.
Портал мәліметінше, ең қымбат жалдамалы пәтерлер Алматыда - бір бөлмелі пәтер айына орта есеппен 250 мың теңге, ал Талдықорғанда ең арзаны - бір бөлмелі пәтер 80 мың теңгеден.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!