Қазақстанда жалақыны қалай көбейтіп алуға болады?

Қазақстанда жалақыны қалай көбейтіп алуға болады?
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ипотекалық несиесі бар қазақстандықтар салық шегерімі арқылы, "қолына алатын" жалақысын көбейте алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекеттік кірістер комитеті Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында көрсеткен мәлімет бойынша, Қазақстанның резиденті болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстандағы тұрғын үй жағдайларын жақсартуға тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінен алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы сомасы мөлшерінде салық шегеріміне құқығы бар.

Салық шегерімдерін қолдану үшін растайтын құжаттардың көшірмесін қоса отырып, өтініш беру керек. Оларға мыналар жатады:

  • Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен тұрғын үй ипотекалық несие шарты.
  • Сыйақы сомасын бөлінген ипотекалық тұрғын үй несиесін өтеу кестесі.
  • Несие бойынша сыйақыны өтеуді растайтын құжат.

"Салық шегерімдері мынадай күндердің ең кеші келетін салық кезеңінде қолданылады: ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу кестесі бойынша сыйақыны өтеу күні; сыйақыны төлеу күні", - деп нақтылады комитет.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина