- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Төтенше жағдай
Қазақстанда итмұрын теруге шыққан зейнеткер боранда адасып кетті
Шығыс Қазақстан облысында қарлы боранда адасып кеткен зейнеткер құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Аймақтағы төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары ауа райының қолайсыздығынан адасып кеткен қарт адамға көмектесті.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 1954 жылы туған Өскемен қаласының тұрғыны тасжолға көлігін тастап, итмұрын жинау үшін таулы аймаққа кетіп қалған. Бірнеше сағаттан кейін ол қарлы боранда жол таба алмай қалғанын түсініп, құтқарушыларды шақырған.
"Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кинологиялық тобымен бірге іздестіру тобы таудан шаршаған және тоңған саяхатшыны тауып, медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдемге жеткізді", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, төтенше жағдайлар министрлігі денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмеу үшін ауа райы қолайсыз күндері үйде отыруға кеңес береді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева