Табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Ким Қазақстанда үй жануарларына салық енгізілуі мүмкін екенін жоққа шығармады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Германияда ит иелеріне салық бар. Қазақстанда да салық салу үшін чип салына ма?" деп сұрады журналистер Экология және табиғи ресурстар министрлігінің брифингінде.
Комитет төрағасы мұндай өзгерістің болуы мүмкін екенін жоққа шығармады.
"Бұл жерде қарсы сұрақ қоюға болады. Көп елде ит-мысық иелеріне қатаң талаптар қойылады. Мысалы, итті баспанадан алсаңыз, оны күтуге тиісті жағдайлар болуы керек. Жануарға ойыншық емес, тірі жан ретінде қарайды, ол үшін адам жауап береді. Бұл шара (салықты енгізу) болуы мүмкін, біз осыған келуіміз мүмкін. Қазір бұл талқыланбайды", - деді Андрей Ким.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз