Қазақстанда ипотека қымбаттауы мүмкін - вице-премьер

Қазақстанда екінші деңгейдегі банктер үшін корпоративтік табыс салығын арттыру жоспарланып отыр. Жаңа Салық кодексі жобасында осындай норма бар. Бұл ипотекаға қалай әсер етеді? Сауалға премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Вице-премьердің айтуынша, бұдан кейін екінші деңгейлі банктердің ипотекалық бағдарламасының құны өседі.

"Менің ойымша, иә (ипотека қымбаттайды - еск). Әрине, банк бұл пайыздарды ипотекаға аударады. Бірақ мұндай ипотеканы аласыз ба? Осы кезде мынадай пікір туындайды: қосымша бес пайызды өз құнына салу немесе тұтынушыға беру", - деді Жұманғарин Мәжілістегі брифингте.

Жұманғарин қазақстандықтарда "Отбасы банк" пен мемлекеттік ипотекалық ұйым түрінде жақсы балама бар деп есептейді.

Еске салайық, бұған дейін ипотека бойынша шекті мөлшерлеме төмендеуі мүмкін екені хабарланды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!