Қазақстанда интернет жылдамдығы төмен өңірлер

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек интернеті ең нашар өңірлерді атап, бұл мәселенің қалай шешілетіні жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ең нашар интернет – Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында. Сарыарқа Қарағанды облысын, Ақтөбе облысының бір бөлігін қамтиды. Интернетті жеткізу өте қиын, өйткені жер бедері ой-қырлы. Шығыс Қазақстан облысында да солай. Өздеріңіз білетіндей, ол жақ таулы аймақ", - деді ол.

Ал бұл өңірлер мен шалғай ауылдарға интернет геостационария емес байланыс спутниктері арқылы жеткізілетінін түсіндірді.

"OneWeb, Starlink-ті білесіздер... Осы спутниктер шалғай аудандарға сапалы интернет жеткізуге мүмкіндік береді", - деді Асхат Оразбек.