Ұлттық банк сарапшылар қауымдастығының макроэкономика көрсеткіштері бойынша пікірін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сарапшылар Brent маркалы мұнай бағасы, ЖІӨ, инфляция, базалық мөлшерлеме, тауарлар мен қызметтердің экспорты және импорты, сондай-ақ, теңге бағамын негізге алған.
Brent маркалы мұнайдың 2025 және 2026 жылдарға арналған бағасы бойынша болжам 1 баррель үшін 75,0 және 72,0 АҚШ доллары деңгейінде сақталған.
"2027 жылға арналған бағалау көрсеткіші бір баррель үшін 72,5 АҚШ долларына дейін сәл жоғарыға қарай өзгерді", - деп жазылған хабарламада.
2025 және 2027 жылдарға арналған, Қазақстан экономикасы өсіміне қатысты бағалау төмендеген.
"2025 жылға арналған болжам 4,9%-дан 4,7%-ға, ал 2027 жылға 4,5%-дан 4,3%-ға дейін қайта қаралды. 2026 жылы 4,5% деңгейінде күтіледі", - деп жазылған хабарламада.
Сарапшылардың сөзінше, инфляция бойынша 2025 жылы медианалық бағалау 8,7%-дан 10,6%-ға, 2026 жылы 7,0%-дан 9,0%-ға, ал 2027 жылы 5,8%-дан 6,1%-ға дейін көтеріледі.
"Базалық мөлшерлеменің бағалауы бұрынғыдай жылдық орташа мәнмен емес, жыл соңындағы деңгеймен ұсынылатынын айта кеткен жөн. 2025 жылдың соңына арналған болжамдардың медианалық мәні – 15,9%, 2026 жылға 14,3%, ал 2027 жылға 11,5%", - деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!