• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Қазақстанда хаттамалар жаңаша рәсімделеді

Қазақстанда хаттамалар жаңаша рәсімделеді
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда жүк көліктеріне арналған хаттамалар жаңаша рәсімделеді. Бұл туралы Үкімет отырысында цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, биылдан бастап хаттамалар автомат түрде рәсімделе бастайды.

"Бұған дейін артық жүк тиелген көлік салмақ датчигі арқылы тіркеліп, оны бөлек камера фотоға түсіріп, инспектор көлікті тоқтатып, заңбұзушылықты қағаз түріндегі хаттамаға түсіретін. Биыл адам факторын жойып, хаттамалар автомат түрде толтырылады деп жоспарлап отырмыз. Осы мақсатта қазірдің өзінде Әкімшілік кодекске өзгерістер енгізілді, интеграциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді Мәдиев.

Цифрлық даму министрінің айтуынша, бұл жолдардағы көлік инспекторларының санын қысқартуға, сыбайлас жемқорлықты азайтуға, сондай-ақ жолдардың қызмет ету мерзімін ұзартуға және жүк көліктері апатын азайтуға мүмкіндік береді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget