Қазақстанда халықты тіркеудің жаңа ережелері бекітілді

Қазақстанда халықты тіркеудің жаңа ережелері бекітілді
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Қазақстанда халықты тіркеудің жаңа ережелері бекітілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құжатқа ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Марат Қожаев қол қойған. 

Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады:

  • Қазақстан Республикасының азаматтарын (он төрт жасқа толған) –Мемлекеттік корпорация немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы уәкілетті органның аумақтық бөліністері;
  • халықтың көші-қоны саласындағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды – Мемлекеттік корпорация арқылы уәкілетті органның аумақтық бөліністері.

Тіркеу орны оның заңды мекенжайы болып табылады.
Азамат тұрақты немесе көбiнесе тұратын елдi мекен оның тұрғылықты жерi деп танылады.

Он төрт жасқа толмаған адамдардың (жас балалардың) немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жерi болып олардың заңды өкілдерінің тұрғылықты жерi танылады.

Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу тұрғын үйдің меншік иесiнiң/иелерінің (жалға берушінің) жазбаша берген келiсiмiмен не электрондық-цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық нысанда жүзеге асырылады.

Тіркеуге меншік иесінің (жалға алушының) меншік құқығын растау үшін уәкілетті орган мекенжайдың тіркеу коды (МТК) бойынша "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тұрғын үйге меншік құқығы пайда болуының негіздерін растайтын меншік иесі туралы мәліметті ақпараттық жүйелерден алады.

Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу тұрғын үйлерде, пәтерлерде, бау-бақша серіктестіктері мен кооперативтерінің саяжай құрылыстарында, жатақханаларда, қонақ үйлерде, демалыс үйлерінде, санаторийлерде, профилакторийлерде, емдеу мекемелерінде, интернат-үйлерінде, пансионаттарда, қарттар үйлерінде, сондай-ақ адамдар тұру (болу) үшін пайдаланылатын ғимараттар мен үй-жайларда жүзеге асырылады.

Тұрғылықты жерi бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеуге:
1) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында мемлекет ішінде қоныс аударатын, сондай-ақ шет елдерден тұрақты тұрғылықты жерге не уақытша тұруға келген Қазақстан Республикасының азаматтары;
2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар жатады.
6. Босқын мәртебесiн алған шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар болатын жері бойынша есепке алуға жатады.
7. Тіркелуге (есепке алуға) жататын адамдар, оның ішінде республикадан тыс жерлерден келген Қазақстан Республикасының азаматтары жаңа тұрғылықты жеріне, уақытша болатын (тұратын) жеріне келген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжат (16 жасқа дейінгі балалар – туу туралы куәлік);
2) тұрғын үй иесінің не сенім білдірілген адамның (тұрғын үй иесінің не сенім білдірілген адамның қатысуы қажет) жеке басын куәландыратын құжат және уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша (адамдар тұру (болу) үшін пайдаланатын ғимараттарда және үй-жайларда тіркеген кезде – ұйым (мекеме) әкімшілігінің тіркеу туралы қолдаухаты) өтініш білдірген адамды тұрақты не уақытша тіркеуге тұрғын үй иесінің не сенім білдірілген адамның жазбаша келісімі.

Тұрғын үй иесін өзіне тиесілі тұрғын үйге тіркеу кезінде оның тіркелуге келісімі ұсынылмайды.

Республикадан тыс жерлерден тұрақты тұрғылықты жерге келген Қазақстан Республикасының азаматтары паспортын (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта паспортын жоғалтқан не қолданылу мерзімі өткен жағдайда – қайтып оралуға арналған куәлік), бұрын тұрған елінен есептен шыққанын растайтын құжатты не бұрын тұрған елінің құзыретті органы берген азаматтығының болмауы туралы анықтаманы ұсынады.

Бұрын тұрған елінен есептен шыққанын растайтын құжаты, азаматтығы болмауы туралы анықтама болмаған кезде азамат бұрын тұрған елінен көрсетілген құжаттардың бірі сұратылған (алынған) кезеңге уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеледі.

8. Босқындар болатын жері бойынша уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелерінде есепке тұру үшiн бес жұмыс күні ішінде осы қағидалардың 7-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.

9. Мынадай:
1) республикадан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен;
2) сот тұрғын үйді пайдалану құқығынан айырылған деп таныған;
3) тіркеуден шығарылатын адамның қатысуынсыз және оның жеке басын куәландыратын құжатсыз тұрғын үй, ғимарат немесе үй-жай иесінің өтініші бойынша;
4) қайтыс болған;
5) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға бұрын берілген рұқсат күшін жойған кезде адамдар тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылуға тиіс.
10. Қазақстан Республикасының халқын жаңа тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу кезінде ақпараттық жүйеде бұрынғы мекенжайы бойынша тіркеуден алу бір уақытта жүзеге асырылады.
Иелерінің қайтыс болуына байланысты олардың жеке басын куәландыратын құжаттарының жарамсыздар санатына көшірілген не азаматтық хал актілерін тіркеу органдарынан ақпарат келіп түскен күн көрсетілген ақпараттық жүйелерде қайтыс болғандарды тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару күні болып табылады.

"Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасына енгізілген және "электрондық үкімет" веб-порталына берілетін мекенжай туралы мәліметтер жеке тұлғаны тұрғылықты жері бойынша тіркеу мекенжайын немесе тұрғылықты жері, уақытша болатын (тұратын) жерi бойынша тіркеуден шығаруды, уақытша болатын (тұратын) жерi бойынша, сондай-ақ бір мекенжай бойынша тіркелген адамдар туралы мәліметтерді тіркеуді растау болып табылады.

"Электрондық үкімет" порталы арқылы:

  • жеке тұлғалар – өзінің тіркелген мекенжайы туралы;
  • тұрғын үй иелері – бір мекенжай бойынша тіркелген адамдар туралы мәліметтерді алады.

Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекаралас аумағының тұрғындары Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өткен жағдайда тіркеу мекенжайын растайтын құжат Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге 3-қосымшаға сәйкес шекара маңы аумағындағы елді мекенде тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуді растайтын мәліметтер болып табылады.

Шекара маңы аумағындағы тұрғындарға тіркеу мекенжайы туралы мәліметтерді уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері Мемлекеттік корпорация немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы береді.

11. Егер тiркеу немесе тiркеуден шығару кезiнде осы қағидалардың талаптарын бұзуға жол берілсе, тiркеу немесе тiркеуден шығару туралы шешiмдi ресiмдеген уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшесі, сондай-ақ жоғары тұрған уәкілетті орган немесе сот оның күшін жояды.

Мүдделi заңды немесе жеке тұлғалар тұрғылықты жерi бойынша тiркеудiң күшiн жою немесе оны қалпына келтiру туралы талапты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмдерде мәлiмдейді.

Мекенжайы бойынша жылжымайтын мүлік объектілерінде (бұзылған, жойылған, бөлшектелген) не ақпараттық жүйеде жоқ жеке тұлғаларды тіркеу анықталған жағдайларда уәкілетті орган жүргізілген тексеру нәтижелері туралы шығарылған қорытынды негізінде адамдарды тіркеуден шығаруды жүзеге асырады.

12. Шекара маңы аумағындағы елді мекенде тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуді растайтын мәліметтердің тұрғылықты жері бойынша тіркеу және тіркеуден шығару үшін бланкілердiң нысандарын уәкілетті орган белгiлейдi және береді.
13. Бір айдан астам мерзімге уақытша болу (тұру) үшін келген адамдарды ішкі істер органдары тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығармай келген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде уақытша болатын (тұратын) жері бойынша есепке алады.
Уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу уақытша тіркеу болып табылады. Тұрғылықты жері бойынша тіркеу тұрақты тіркеу болып табылады.

Уақытша тіркеу бір айдан бастап бір жылға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады.
Қызметтік міндеттерін орындау, оқуда болуы тұрғылықты жерінен тыс жерде ұзақ тұруымен (бір жылдан астам) байланысты адамдар (растайтын құжат болған кезде) тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығармай міндеттерін орындау үшін қажетті бүкіл мерзімге есепке алынады.

16 жасқа толмаған балалар, адамдардың тыныс-тіршілігін шектейтін организм функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулығында кінәраты бар емдеу мекемелеріндегі азаматтар, вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдар уақытша болатын (тұратын) жері бойынша есепке алынуға (тіркелуге) жатпайды.
Уақытша болатын жерінен мәлімделген мерзімінен бұрын кеткен кезде адамдарды уақытша тіркеуден шығару тұрғын үй, ғимарат немесе үй-жай иесінің (сенім білдірілген адамның) не адамның өтініші бойынша рәсімделеді.

14. Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу "Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

15. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің Қарулы күштерінің әскери қызметшілерін тұрғылықты жері бойынша тіркеу әскери қызметшілердің паспорттары және жеке куәліктері бойынша жүзеге асырылады.

16. Ұлттық қауiпсiздiк пен қоғамдық тәртiптi қорғау мүддесі үшін "Қазақстан Республикасының Қорғаныс және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының жекелеген жергілікті жерлерiнде тұрғылықты жерді таңдауда және жүріп-тұру бостандығына шектеулер белгiленеді.

Ерекше режим жағдайындағы елді мекендерде (жабық әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдарда) тұрақты тұратын немесе уақытша болатын жерге келген адамдарды тіркеу үшін белгіленген тәртіпте берілетін рұқсат ұсынылады.

17. Тұрғылықты жерiн таңдауда шектеу белгiленген жергілікті жерлерде жақын туыстарына тұрақты тұруға келген, уақытша болмаған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған (егер олар сотталғанға дейiн осы жерде тұрса) адамдарды тiркеуден бас тартылмайды.

Сайлау құқығын іске асыру және азаматты "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес сайлаушылар тізіміне енгізу мақсатында тұрғын үй, ғимарат немесе үй-жай иесінің өтініші негізінде тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылған адамдарды сайлау күні сайлау учаскесінің мекенжайындағы ғимаратта немесе үй-жайда тіркеуге жол беріледі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина