Елімізде көлік жүргізушілеріне халықаралық куәлігі беріле бастайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жол қозғалысы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес халықаралық жүргізуші куәліктерін беру көзделген. Халық арасында пайда болған сұранысты ескере отырып, қазақстандық құқықтар әлем елдерінің жартысында танылғанына қарамастан, Ішкі істер министрлігі халықаралық жүргізуші куәлігін беру бойынша мемлекеттік қызметті іске қосу бойынша жұмыс жүргізуде. Жұмыстардың аяқтау биылға жоспарланған", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!