Қазақстанның Ұлттық статистика бюросы 1 қарашадағы жағдай бойынша елдегі халық саны туралы деректерді жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлттық бюро мәліметінше, 1 қарашада Қазақстан халқының саны 20 243 981 адамға жетті. 1 қаңтармен салыстырғанда қазақстандықтардың саны 210 139 адамға көбейген.
Қазақстан қалаларында да халық саны өскен. Ең көп халық тұратын қала - Алматы, мұнда 1 қарашада 2 280 296 адам тұрған (жыл басында 2 228 675 адам). Одан кейін Астана - 1 511 807 тұрғын (жыл басында 1 430 105 тұрғын) және Шымкент - 1 249 581 тұрғын (1 222 066 тұрғын).
1 қарашадағы жағдай бойынша қалаларда 12 727 404 қазақстандық тұрады. Ал ауыл тұрғындарының саны 7 516 577 адам.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!