- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда хакер бас...
Қазақстанда хакер бас бостандығынан айырылды - ҰҚК
Ақтауда мемлекеттік ақпараттық жүйелерді бұзып кірген хакер сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыстық кодекстің 147-бабы 3, 4-бөліктері, 205-бабы 2-бөлігі және 208-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылған ер адамға қатысты Ақтау қаласы сотының үкімі заңды күшіне енді.
Ол 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сотталған адам елдің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының маңызды нысандары саналатын мемлекеттік ақпарат жүйелеріне заңсыз кіргені анықталды.
Фигуранттың ақшалай сыйақыға одан әрі үшінші адамдарға беру үшін ҚР азаматтарының жеке деректерін заңсыз алу дерегі толық дәлелденді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек