Ғалымдар Қазақстанның оңтүстігінде ғылымда белгісіз болған өрмекшінің 2 түрін анықтады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Зоология институтына сілтеме жасап.
Қызылқұм шөліндегі экспедиция кезінде арахнология зертханасының қызметкерлері Қарамола тауынан бұрын ғылымға белгісіз өрмекшілердің екі түрін тауып алды. Табылған өрмекші түрлері аңшылар тұқымдасына жатқызылып, оларға атау берілді.
Өрмекшілердің жаңа түрі көбіне түнгі уақытта белсенді, ал күндіз қараңғы жерлерде ұйықтап жатады.
"Зерттеу нәтижесінде қызық материал жиналып, өрмекшілер туралы жаңа мәліметтер пайда болды. Біздің арахнологтар өрмекшілердің 54 түрін кездестірді, оның 27-сі Қызылқұмда алғаш анықталса, 10 түрі бұған дейін Қазақстан аймағында кездеспеген. Ал екі өрмекші ғылымда мүлде белгісіз болған. Оларға Anagraphis karamola және Drassodes babenkoi деген атау берілді", – делінген хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!