- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- газ туралы
Қазақстанда газ сатудың жаңа ережелері белгіленеді

Фото: depositphotos.com
Қазақстанда тауар ретіндегі газдың бөлшек бағасына мемлекеттік бақылау күшейтілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстанда тауар ретіндегі газдың бөлшек саудадағы бағасын мемлекеттік реттеу енді барлығына қатысты болмақ. Жоғары аудиторлық палатаның ұсынысы бойынша Кәсіпкерлік кодексіне тиісті өзгерістер енгізілді.
Мемлекеттік аудит барысында заңнамалық олқылық анықталған болатын. Аудиторлар газ тарату компаниялары арқылы газдың бөлшек саудада сатылуы мемлекеттік баға реттеуіне жатпайтынын анықтаған.
Үкіметке Кәсіпкерлік кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарастыру ұсынылды. Нәтижесінде түзетулер енгізілді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова