Қазақстанда ғалымдар киікті қолда ұстау әдісін әзірлеп жатыр

Отандық ғалымдар киікnі өнеркәсіптік бағытта ұстау әдісін әзірлеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Мамандардың айтуынша, жануарлардың бір бөлігін қолға үйретуге болады.

Ғалымдар биыл табиғи ортадан алынған 200 киік лағын зерттеген. Олар Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстарындағы тәлімбақтарға жіберілген. Нәтижесінде Орал популяциясының иммунитеті төмендеген.

"Бұл болашақта жануарлардың індет жұқтырып, қырылуына әкелуі мүмкін. Болашақта осы тәлімбақтарды ұстағанда киіктер көз алдымызда болады. Соның ішінде ауруларын, үлкендерін өзіміз реттеп отырып, жылжымалы биокомбинаттар дейміз. Соның ішінде киіктерді гуманды түрде реттеуге болатынын көздеп отырмыз. Қазақстан бойынша осындай "питомниктер" көбейсе, әртүрлі аурулардың алдын аламыз", - дейді Батыс Қазақстан агротехникалық университетінің профессоры Қайсар Кушалиев.  

Тағы да оқи отырыңыз: Қазір қай шет тілін үйрену керек?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!