Теміртаудың медицина қызметкерлері жалақыны өсіруді және жұмыс жағдайын жақсартуды талап етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.
Олар осы мәселені айтып, ұжымдық үндеу жолдады. Әсіресе, қазіргі эпидахуалға байланысты шақырту көбейген.
Фельдшерлердің сөзінше, жедел жәрдем автопаркі әбден ескірген, көлік жиі бұзылады. Мысалы бір бригада тәулігіне 24 шақыртуға шығады. Ең өзекті мәселе - жалақы. Айлық 133 мың теңгеден басталады. Ең көбі - 180 мың теңге.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жалақыны өсіруге уәде берді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова