- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда фельдшер сөмкесін...
Қазақстанда фельдшер сөмкесін сатып алуға бюджеттен 48 миллиард теңге жұмсалатыны рас па?
Фото:
Тұрар Қазанғапов
Әлеуметтік желілерде Қазақстанда фельдшер сөмкесін сатып алуға бюджеттен 48 миллиард теңге жұмсау жоспарланып отырғаны туралы ақпарат тарады. Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері бұған қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
"Денсаулық сақтау министрлігі мобильдік диагностикалық жабдықты сатып алуға қатысты оны бюджет қаражатының есебінен сатып алу қарастырылмайтынын хабарлайды. Сондықтан оны Денсаулық сақтау министрлігі сатып алатыны туралы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды және жалған", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Тағы да оқи отырыңыздар: Анар шырынының қандай пайдасы бар?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек