• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Қазақстанда ет қымбаттай ма?

Қазақстанда ет қымбаттай ма?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Қазақстанда ет қымбаттай ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, былтыр Қазақстанда 1,1 миллион тоннадан аса сиыр және қой еті өндірілген, бұл елдің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етеді.

"Былтырғы қорытынды бойынша ет өндірісі шамамен 4 пайызға, оның ішінде сиыр еті өндірісі 2 пайыздан аса өсті. Бұл шаралар халықты етпен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өндіріс көлеміне байланысты әзірге ет бағасы өсуіне әсер ететін факторлар байқалмайды", - деді Кенжеханұлы Сенат дәлізінде.

Шенеуніктің сөзінше, бұған дейін ет бағасының өсуіне Өзбекстан тарапынан жоғары сұраныс әсер еткен.

"Бірақ кейінгі бір аптада баға тұрақталды, әрі қарай факторларды (қымбаттау - еск.) әзірге болжап отырған жоқпыз. Қазір мал өсірушілерге айналым қаражаты үшін 5 пайыздық жеңілдетілген қаржыландыру қарастырылып жатыр. Бұл шара елдегі ет өндірісін қосымша ынталандыруға мүмкіндік береді. Қазір сиыр етінің орташа бағасы келісіне 2700-3000 теңге шамасында", - деп толықтырды вице-министр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget