Президент Қасым-Жомарт Тоқаев есірткіні жасырын орналастырушылардың жазасын жеңілдететін жаңа заңға қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Заң есірткі тасушылардың жазасын біршама жеңілдетеді. Мұндай қылмысты бірінші рет жасағандардың мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды (бұрын мүлкін тәркілеумен 5 жылдан 10 жылға дейін жазаланатын).
"Алғаш рет мұндай қылмыс жасағаны үшін қылмысын ауырлататын мән-жайлар болмаса мүлкін тәркілеп, 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген (бұрын мүлкін тәркілей отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыратын)", - делінген Ақорда хабарламасында.
Алайда қылмысты қайталап жасағандардың мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ауыр жазаға тартылады.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы есірткі өндірісіне қатысты жаңа заңға қол қойғанын хабарлаған болатынбыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!