- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда ерлердің көбі...
Қазақстанда ерлердің көбі қай салада жұмыс істейді?
Қазақстанда ер азаматтардың басым бөлігі қай салада жұмыс істейтінін белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
2023 жылдың қорытындысы бойынша, жұмыспен қамтылған ерлер саны - 4 711,7 мың. Оның ішінде қалалық жерде еңбекпен қамтылғандар – 2 831,4 мың, ауылдық жерде – 1 880,3 мың адам.
Ерлердің ең көбі өнеркәсіп секторында жұмыс істейді, олардың ондағы саны 777,5 мың адам. Одан кейінгі орында 653,2 мың адам жұмыс істейтін көтерме және бөлшек сауда саласы. 637,1 мың ер азаматты жұмыспен қамтыған ауыл шаруашылығы саласы үшінші орында.
Құрылыс 520 мың ер азамат үшін тартымды салаға айналды, ал көлік пен қоймада ерлер 513,1 мың жұмыс орнын алып отыр.
Мемлекеттік басқару және қорғаныс істері 335,1 мың ер азаматты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
Басқа салалардағы ерлер саны:
білім беру – 310,9 мың адам
денсаулық сақтау – 160,8 мың адам
әкімшілік және қосалқы қызметтер – 159 мың адам
кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет – 126,4 мың адам
ақпарат және байланыс – 109,2 мың адам
қаржы және сақтандыру – 84 мың адам
тұру және тамақтану – 72,3 мың адам
жылжымайтын мүлік – 68,7 мың адам
өнер және ойын-сауық – 59,4 мың адам
басқа да қызметтерде істейтіндер саны – 124,3 мың адам
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Ордабаев