Қазақстанда енді легионерлерге мемлекеттен қаржы бөлінбейді

Мәжіліс қабылдаған дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша заңға Қазақстан азаматтығы жоқ спортшыларды бюджет қаражаты есебінен және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салу туралы өзгеріс енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Осыған орай енді мемлекет легионерлерге қаржы бөлмейді. Бұл норма мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалану мақсатында әзірленді.
"Депутаттар енгізген тағы бір маңызды өзгеріс, Қазақстанның ақшасын асауды білгенмен алаңда үлкен жетістік жасауды білмеген легионерлерге мемлекеттің бюджеті есебінен де, квазимемлекеттік сектордың бюджеті есебінен де қаржы бөлуге тыйым салатын норма қабылданды", - деді Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев.
Бұл ретте дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелер ақылы қызмет көрсетуге және олардан түсетін кірісті бюджет заңнамасына сәйкес пайдалану мүмкіндігіне ие болады.
Спорт мекемелері іс-шараларды (спорттық жарыстар, семинарлар, кеңестер мен конференциялар) ұйымдастыру және өткізу мақсатымен халықты арнайы спорттық жабдықтармен, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт объектілерімен қамтамасыз ету бойынша қызметтер, спорттық медицина саласындағы қызметтер арқылы табыс таба алады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лес