Қазақстанда енді жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қиынға соғады

Қазақстанда енді жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қиынға соғады. Тиісті түзетулер жаңа Салық кодексі жобасына енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

"Енді жеке кәсіпкерлікке кіруді, жеке кәсіпкерлік ашуды әртүрлі жолмен қатаңдатамыз. Бізде тиісті нормалар дайын. Бұрын заң бұзғандар, жұмыс істемейтін жәке кәсіпкерлігі бар адамдар үшін жаңа жеке кәсіпкерлік ашу қиындай түседі", - деді Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда салық саны қысқаратыны хабарланды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!