Қазақстанда ең ұзын көпір: құрылыс қалай жүріп жатыр?

Қазақстанда ең ұзын көпір: құрылыс қалай жүріп жатыр?

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысы жалғасып жатыр. Бұл елдегі ең ұзын өткел болады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Көпір құрылысы 2021 жылы Күршім ауданындағы Құйған ауылының маңында басталған. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мәліметінше, екі жолақты өткел ұзындығы - 1316 метр, ені - 12,2 метр.

Ведомстводағылар бұл еліміздегі ең ұзын көпір болатынын айтты. Қазір құрылысқа 180 адам, 167 техника мен құрал-жабдық жұмылдырылған.

Жылы мезгілде көлік жүргізушілері Өскеменнен Күршім немесе Құйған ауылдарына жету үшін Бұқтырма су қоймасынан пароммен өтуге мәжбүр. Қыста мұз үстімен жүреді. Бұл облыс орталығынан Күршімге дейінгі ең қысқа жол, яғни 212 шақырым. Ал айналма жол 400 шақырымға жуық.

Ж. Қадыржанова