Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру ұсынылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2025 жылы Қазақстанда ең төменгі жалақы 85 мың теңге болып белгіленген. Бүгін Мәжілісте 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы қаралып жатыр. Құжатқа берілген қорытындыда депутаттар ЕТЖ мөлшерін көтеруді ұсынған.
"Әлеуметтік-мәдени даму комитеті ең төменгі жалақыны 85 000 теңгеден 110 000 теңгеге дейін көтеріп, қайта қарау қажет деп санайды", - деп жазылған құжатта.
Айта кетейік, ең төменгі жалақы (ЕТЖ) - заңмен белгіленген ең аз еңбекақы.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова