Қазақстан Қорғаныс министрлігі "Батыр арулар" сұлулық байқауының жеңімпаздары бейнеленген күзтізбе шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күнтізбе мың дана болып шықты. Қорғаныс ведомствосының барлық құрылымдық бөлімшелері күнтізбеге қол жеткізді. Күнтізбе Қорғаныс министрлігі қызметкерлерінің арасында өткен "Батыр арулар" атты сұлулық байқауының қорытындысы бойынша шығарылды.
"Батыр арулар" - бұл ҚР ҚК әскери қызметші әйелдер арасындағы алғашқы қазақстандық байқау. Байқауға Қазақстан Қарулы Күштерінің барлық түрлері мен әскер тектерінен, сондай-ақ ҚР ҚМ Орталық аппаратынан барлығы 123 әйел қатысты. Байқау қорытындысында ең көп дауыс жинаған 12 үміткер іріктеліп алынды. Олардың барлығы байқау жеңімпаздары деп танылып, 2016 жылғы мамандандырылған күнтізбеге арналған кәсіби фотосессияға қатысты. Байқауға қатысушыларға дауыс берген адамдардың саны - 255 725.