- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда ең көп...
Қазақстанда ең көп жалақыны кімдер алады? Еңбек министрлігі жауап берді
Наурызда "Еңбек" электрон еңбек биржасында 73 мыңнан аса бос жұмыс орны орналастырылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс берушілер қай мамандарға ең жоғары жалақы төлеуге дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еңбек ресурстарын дамыту орталығы мамандарының айтуынша, наурызда жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны желі инженерлеріне (орта есеппен 900 мың теңгеден бастап), өнеркәсіптік альпинистерге (шамамен 625 мың теңге), сондай-ақ, бұрғылау инженерлеріне (шамамен 550 мың теңге) ең жоғары жалақы ұсынған.
Сонымен қатар, ең жоғары жалақыны телекоммуникация саласындағы жоба менеджеріне (орта есеппен 1,6 миллион теңгеден), бас комплаенс-бақылаушыға (1,3 миллион теңге) лауазымына үміткер, сондай-ақ мұнайды есепке алу, резервуарлар және машиналарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі инженерлерге (1 миллион теңге) ұсынылған.
Ал наурызда ең көп сұранысқа ие жұмысшылар қатарында жүргізушілер (1,6 мың бос орын), тәрбиешілер (1,5 мың) және күзетшілер (1,4 мың) болды. Сондай-ақ, санитарлар (1,3 мың), медбике/мейіргер (1,2 мың) және бухгалтерлер (1,2 мың бос жұмыс орны) сияқты мамандарға қатысты жоғары сұраныста.
"Бұл ретте наурызда сұраныстың біліктілік құрылымында өзгерістер болған жоқ, яғни жоғары білікті мамандарға сұраныс тенденциясы сақталды, ал төмен білікті жұмыс күшіне сұраныс айтарлықтай төмен болды. Бұл орналастырылған бос жұмыс орындарының тек 20 пайыздан кемі болып отыр. Орта білікті жұмысшыларға сұраныс жоғары болып қалады - олар бос жұмыс орындарының 40 пайызы", - дейді мамандар.
Еске салайық, "Еңбек" электрон еңбек биржасы - жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында құрылған онлайн алаң.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек