Қазақстанда ең жоғары жалақыны кімдер алатыны белгілі болды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы ең көп төленетін мамандықтардың тізімін ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2022 жылы жалақының ең үлкен өсімі құрылыс, көлік және қойма секторында, сондай-ақ қонақүй және мейрамхана бизнесінде байқалады. Ең аз өсім денсаулық сақтау саласында болған.

Қазақстандағы ең көп жалақы төленетін 10 мамандық:

Тау-кен өнеркәсібі және карьерлер:

  • Орташа жалақы – 653 345 теңге;
  • Басшылар – 1 218 612 теңге;

Қаржы және сақтандыру қызметі:

  • Орташа жалақы – 560 459 теңге;
  • Басшылар – 1 149 550 теңге;

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет:

  • Орташа жалақы – 458 832 теңге;
  • Басшылар – 947 686 теңге;

Ақпарат және байланыс:

  • Орташа жалақы – 436 980 теңге;
  • Басшылар – 834 312 теңге;

Өнеркәсіптік қызмет:

  • Орташа жалақы – 418 811 теңге;
  • Басшылар – 868 644 теңге;

Құрылыс қызметі:

  • Орташа жалақы – 416 940 теңге;
  • Басшылар – 931 624 теңге;

Көлік және қойма секторы:

  • Орташа жалақы – 386 787 теңге;
  • Басшылар – 635 155 теңге;

Өңдеу өнеркәсібі

  • Орташа жалақы – 349 930 теңге;
  • Басшылар – 807 016 теңге;

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету қызметі

  • Орташа жалақы – 306 465 теңге;
  • Басшылар – 982 759 теңге;

Тұру және тамақтандыру қызметтерін қамтамасыз ету:

  • Бұл салады орташа жалақы - 272 811 теңге. Дегенмен, көбінесе қызметкерлер ауысыммен жұмыс істейтінін есте ұстаған жөн. Жұмыс уақытының көп болуы жалақының жоғарылауын білдіреді.
  • Басқарушылардың жалақысы нарықта бәсекеге қабілетті болып есептеледі. Осылайша, ай сайынғы табыс 925 790 теңге болады.

Айтпақшы, біліктілігі бар мамандар жоқтарға қарағанда 4 есе көп алады. Сондықтан талапкерлер тәжірибеден бөлек, әлі де жоғары білім алғаны жөн.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!