- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда ең жоғары...
Қазақстанда ең жоғары жалақыны кімдер алатыны белгілі болды
Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы ең көп төленетін мамандықтардың тізімін ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2022 жылы жалақының ең үлкен өсімі құрылыс, көлік және қойма секторында, сондай-ақ қонақүй және мейрамхана бизнесінде байқалады. Ең аз өсім денсаулық сақтау саласында болған.
Қазақстандағы ең көп жалақы төленетін 10 мамандық:
Тау-кен өнеркәсібі және карьерлер:
- Орташа жалақы – 653 345 теңге;
- Басшылар – 1 218 612 теңге;
Қаржы және сақтандыру қызметі:
- Орташа жалақы – 560 459 теңге;
- Басшылар – 1 149 550 теңге;
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет:
- Орташа жалақы – 458 832 теңге;
- Басшылар – 947 686 теңге;
Ақпарат және байланыс:
- Орташа жалақы – 436 980 теңге;
- Басшылар – 834 312 теңге;
Өнеркәсіптік қызмет:
- Орташа жалақы – 418 811 теңге;
- Басшылар – 868 644 теңге;
Құрылыс қызметі:
- Орташа жалақы – 416 940 теңге;
- Басшылар – 931 624 теңге;
Көлік және қойма секторы:
- Орташа жалақы – 386 787 теңге;
- Басшылар – 635 155 теңге;
Өңдеу өнеркәсібі
- Орташа жалақы – 349 930 теңге;
- Басшылар – 807 016 теңге;
Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету қызметі
- Орташа жалақы – 306 465 теңге;
- Басшылар – 982 759 теңге;
Тұру және тамақтандыру қызметтерін қамтамасыз ету:
- Бұл салады орташа жалақы - 272 811 теңге. Дегенмен, көбінесе қызметкерлер ауысыммен жұмыс істейтінін есте ұстаған жөн. Жұмыс уақытының көп болуы жалақының жоғарылауын білдіреді.
- Басқарушылардың жалақысы нарықта бәсекеге қабілетті болып есептеледі. Осылайша, ай сайынғы табыс 925 790 теңге болады.
Айтпақшы, біліктілігі бар мамандар жоқтарға қарағанда 4 есе көп алады. Сондықтан талапкерлер тәжірибеден бөлек, әлі де жоғары білім алғаны жөн.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан