Екінші жартыжылдықтан бастап қазақстандық студенттер жаңа шәкіртақы алады. Олар қаншаға көтеріледі? Бұл туралы Tengrinews.kz жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында, биылғы 1 қыркүйектен бастап шәкіртақыны ұлғайту жоспарланғаны айтылған:
Бұрын қабылданған 2021-2025 жылдарға арналған жол картасына сәйкес, осы кезеңде шәкіртақы екі есеге өседі. Бұл ретте есептеулерде негізгі шәкіртақы ретінде 2020 жылғы шәкіртақы сомасы алынады. Мәселен, бакалаврлар үшін бұл сома 26 186 теңге болып, жыл сайын 20 пайызға артып отырады.
"Ұқсас есептеу механизмі Денсаулық сақтау министрлігі мен Назарбаев Университетінің шәкіртақысын қоспағанда, магистратурада да, докторантурада да қолданылады", - деп түсіндірді комитетте.
Жол картасын жүзеге асыру үшін Үкімет қаулысының жобасы әзірленген, ол қазір қаралып жатыр. Құжатқа сәйкес, 2024 жылдың қыркүйегінен бастап шәкіртақылар ұлғайтылады:
Комитет мәліметінше, биылғы бюджетте шәкіртақыны ұлғайту үшін қаражат толығымен жоспарланған. Көбейту есебінен 180 мыңнан астам студенттің табысы артады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!