Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғыстың 222 ардагері бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.
Сондай-ақ, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жараланған және жеңіске үлес қосқан 60 мыңнан аса адам тұрады. Ұрыс даласына қазақ елінен 1 миллион 200 мыңнан аса адам шақыртылған. Қолына қару алған әрбір екінші қазақстандық Жеңіс үшін өз өмірін қиды. Әскери қызметі үшін жүздеген мың қазақстандық медальдармен және ордендермен марапатталды, 500-ге жуық адам Кеңес Одағының батыры атанды. Оның төртеуі бұл атақты екі мәрте иеленді. 110 қазақстандық үшінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.
Еске салайық, бұған дейін Екінші дүниежүзілік соғыста қанша қазақcтандық қаза тапқаны белгілі болғаны хабарланған еді.
Сондай-ақ, бүгін Мемлекет басшысының жарлығымен екі ардагерге "Халық қаһарманы" атағы берілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!