Қазақстанда екі жаңа мереке - Аналар және Әкелер күні пайда болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанда мерекелік күндер күнтізбесін бекіту туралы қаулыға толықтыру енгізілді. Құжатқа Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қол қойды.
Әлемнің көптеген елдерінде отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы және ата-ана институтын нығайту үшін аталып өтетін "Аналар күні" және "Әкелер күні" мерекелері елімізде де ресми мереке ретінде белгіленді (аналар күні - мамырдың екінші жексенбісі, әкелер күні - маусымның үшінші жексенбісі).
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!