Қазақстанда e-Otinish қызметі істен шықты

Қазақстанда e-Otinish қызметі істен шықты

Қазақстанда мемлекеттік органдарға ресми өтініштер жіберуге арналған e-Otinish қызметі уақытша істемей қалды. Оның себебін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ қоғаммен байланыс бөлімі түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Таңертеңнен бері қызмет көрсету үзілген.

"ҰАТ" АҚ хабарлауынша, қазір сайтты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Қазіргі уақытта e-Otinish.kz электрондық өтініштер сайты дұрыс жұмыс істемей тұр. Сайтты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақын арада қалпына келеді. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан