Қазақстанда дүкендер мен супермаркеттерде ішімдік сатуға тыйым салу ұсынылды

Қазақстанда дүкендер мен супермаркеттерде ішімдік сатуға тыйым салу ұсынылды. Үкімет сағатында ІІМ басшысы Ержан Саденов осындай мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрдің сөзінше, алкоголь - елдегі криминоген жағдайға әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Шенеуніктің айтуынша, жыл сайын мас күйде 10 мыңға дейін қылмыс жасалады.

ІІМ ішімдікті интернет арқылы сатуға толық тыйым салуды ұсынды. Одан бөлек:

  • ішімдікті тек арнайы дүкендерде сату ("алкомаркеттерде");
  • лицензия беру ережелерін қатаңдату және олардың санын шектеу ұсынылды.

ІІМ басшысы ойын-сауық орындарына арналған шектеу туралы да айтты:

"Ойын-сауық орындарында ішімдік сату уақытын шектеу қажеттілігі туындады. Мұндай нысандарда мас күйде 1 400-ден аса қылмыс жасалған, оның ішінде үшеуі - кісі өлтіру".

Алайда, Ержан Саденовтың айтуынша, кейбір мемлекеттік органдар бүгінде бұл тәсілдерді қолдамайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!